Offside.kz логотип
Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Новости Лайфхаки Вне игры

Қазақстанда жаңа Қабірханға «іздеу» салынды: жаңа маусымның күнтізбесі жарияланды

Редактор Offside.kz
16.02.2024, 16:59

Ат жарыстарының жаңа маусымы қарсаңында Qazaq Jockey Club 2024 жылға арналған күнтізбе жариялады. Биылғы маусым ат спортының тарихында ең маңызды әрі қызыққа толы болмақ. Жүлде қоры 140 млн теңгені құрайтын бұл маусымда қатысушылар мен көрермен ерекше көріністің куәсі болады. Бәлкім, бұл маусымда әлем тағы бір Қабірханды танып қалар.

Қазақстанда жаңа Қабірханға «іздеу» салынды: жаңа маусымның күнтізбесі жарияланды
фото из открытых источников

Былтыр Қабірхан атты жылқының 12 қаңтар Дубайдың Мейдан деген ипподромында болған беделді сайыста жеңіске жеткені – өткен маусымның жарқын сәті. Қабірхан жеңіске жетіп қана қоймай, халықтың ыстық ықыласына бөленіп, Қазақстанда ат жарысының маңызын айқындап берді. Сонымен қатар, бұл жетістік – Қазақстан жылқыларының халықаралық аренада айрықша нәтижелерге қол жеткізе алатынына айқын дәлелі.

2024 жылғы маусым күнтізбесінде 15-17 ат жарысы өткізіледі. Сайыстар 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні басталып, 5 қазан – Ұстаздар мерекесі Чемпиондар кубогі өтетін күні аяқталады. Биылғы маусымның маңызды сайыстары – 1 маусымда өтетін «Қазақстандық Гиней», 27 шілдеде ұйымдастырылатын Derby Day және 21 қыркүйекте өткізілетін ҚР Президент кубогі. Аталған жарыстардың әрбірі қызыққа толы әрі  жарқын сәттерге толы болатыны сөзсіз.

Қазақстандағы ат спортының дамуында ерекше рөл атқаратын Qazaq Jockey Club жыл сайын ат жарыстарын өткізеді. Клуб өкілінің айтуынша, әлем бойынша ат саны бойынша алтыншы орында тұрған Қазақстанның ат спортын ілгерілетуде орасан әлеуеті бар. Бұл халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті, жоғары классты спорттық жылқыларды баптап шығаруға қолайлы жағдай жасайды. 

Алдағы маусым ат спортын сүйер қауым үшін мереке ғана емес, сонымен қатар Қазақстанда жылқы шаруашылығының даңқты дәстүрлерін жалғастыра алатын және әлемдік ат спортында биік белестерді бағындыра алатын жаңа чемпиондарды іздестіру мен баптап шығарудағы маңызды кезең болмақ.

Ваша реакция
Нравится 4
Печально 0
Смешно 0
Ужасно 0
×
Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Новости Лайфхаки Вне игры
Подпишись на наш Facebook, узнавай обо всем первым!