Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса Қазақстан футболын дамытуға жұмсалып жатқан қаражаттың легионерлерге жұмсалып жатқанын айтты, деп хабарлайды offside.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.
«Мен Қазақстан футболының проблемасын күнде айтып жүрмін. Мысалы, 2021 жылы депутаттық сауал жолдағанымда біздің клубтардың бюджеттің ақшасын жөн-жосықсыз жұмсағанын сынға алдым. Соңғы 30 жыл ішінде елімізде 2-ақ стадион салынған. Ал бюджеті екі есе аз, көршілес Өзбекстан елінде 10 стадион салынған. Барлығы еуростандарттарға сай. Мемлекеттің ақшасы қайда кетіп жатыр? Мен сізге түсіндіремін, қаражаттың көп бөлігін легионерлерге жұмсаймыз», – дейді депутат.